Сот адам тағдырымен ойнамайды
Есет ДОСАЛЫ
Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан халқы ассамблеясы медиаторлар кеңесінің төрайымы, Тараз қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Лариса Сафонова, облыстық соттың судьясы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің мүшесі Дінмұхамед Әзіретқұлов БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
Жиын барысында Л.Сафонова 2011 жылдың 28 қаңтарында Президент «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын, ол заң елімізде медиаторлардың қатысуымен дауларды шешудің баламалы жолдарын дамытуға мүмкіндік бергеніне тоқталды. Облыстық соттың судьясы Д.Әзіретқұлов жыл басынан бері 25456 қылмыстық іс қаралып, оның 900-і медиация жолымен тоқтатылғанын, бұл мыңдаған адамдардың тағдыры екенін айтты. Оның сөзінше, Мойынқұм ауданында билер соты қайтадан жаңғырып, қызметіне кірісіпті. Бұл ұйым жас отбасылардың ажырасуының алдын алуда үлкен рөл атқарып отыр екен. Бүгінгі таңда шаңырақ көтерген жастардың 40 пайызы ажырасуға бейім көрінеді. Ал соңғы уақытта билер соты араласқан соң, ажырасу мәселесімен сотқа шағымданған жас отбасылардың басым бөлігі райынан қайтып жатыр екен. Яғни жас шаңырақ шайқалмай, сақталып қалу үрдісі молайып келеді. Отбасының бүтіндігі – қоғамның байлығы.
Жиын соңында қонақтар БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап қайтарды.
Ұқсас жаңалықтар
Әділ азаматтарды халық әрдайым мақтан етеді
- 24 сәуір, 2025
Жасаған ерлігін ешкімге тіс жарып айтпайтын
- 24 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді