Құқық
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына қол қойды
- author «Ақ жол»
- 11 маусым, 2014
- 301

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған табыстарды (кірістерді) легализациялауға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Заң қылмыстық жолмен алынған табыстарды легализациялауға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
***
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң қолданыстағы құқықты «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Заңға сәйкестендіруге бағытталған.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпарат көзі: www.akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді