«Таблиғи жамағаттың» белсенді мүшелері сотталды
2015 жылдың 10 желтоқсанында Шу аудандық соты ҚР ҚК 405-бабымен Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ұйымның төрт бірдей белсенді мүшесіне 1 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарып, әрқайсысына 90 мың теңгеден айыппұл салды. Аталған азаматтарға алдын ала құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет соттың шешімімен «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ұйым болып танылып, Қазақстанда тыйым салынғандығы туралы жеткізіліп және оның қызметіне қатысқаны үшін олар қылмыстық жазаға тартылатындары туралы ресми түрде ескертілген болатын.
Облыстық терроризмге қарсы комиссия аппараты.
Ұқсас жаңалықтар
Baytaq партиясының пленарлық отырысы өтті
- 4 ақпан, 2026
11 бөлім, 95 бап: Жаңа Ата Заңның жобасы жарияланды
- 31 қаңтар, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




