Тұрақты түрде түсіндірілуде
Қоғамдағы өте қауіпті құбылыстардың бірі – ол сыбайлас жемқорлық. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қоғамның қауіпті дерттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесі көтерілген. Себебі, жемқорлық жай құқық бұзушылық емес, ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады.
Қылмыстық-атқару жүйесі органының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, өз міндеттерін адал және әділ атқаруға, антына адал болуға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Бұл орайда мамандар тарапынан тиімді кеңестер беріліп тұрады. Мекемеде өтетін аппараттық кеңесте жеке құрамға саяси мәліметтерді жеткізу барысында «Жемқорлықпен күрес туралы» тақырыпты міндетті түрде қамтып өту үрдіске айналған. Бұл мекемеде мемлекеттік тілді дамыту және ақпараттық тобы жұмыс істейді. Қылмыстық-атқару жүйесінде қызметке қабылданатын қызметкерлер арасында заңдылықты сақтау бойынша бағыт беру, құқықтық мәдениетке тәрбиелеу, жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне әркімнің жауапкершілікпен қарау керектігі тұрақты түрде түсіндіріліп келеді.
Альфия Қылышбаева, кадр тобының аға инспекторы, әділет капитаны.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді