Есірткімен ұсталды
Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және ШуАІІБ «Дельта-Долина» аймақаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел алдын алу шаралары барысында есірткі қылмысының бетін ашты.
Шу ауданы аумағындағы тас жолда Ж. есімді азаматтың басқаруындағы «Мазда-626» маркалы автокөлігінен 101 килограмм 880 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Тексеру барысында 1976 жылы туылған күдіктінің бұрын сотты болмағаны, осы ауданның жергілікті тұрғыны екендігі анықталды. Ол уақытша тергеу изоляторына қамаққа алынып, Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлімі 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді