
Жұмыр басты пенде болған соң денсаулықтың сыр беретіні белгілі. Сондай сәттерде дәрігерлердің көмегіне жүгініп жатамыз. Жуырда Жамбыл аудандық орталық ауруханасының терапия бөлімінде жыл ішінде екі рет ем алдым.
Аурухана төсегінде жатқанымда қас-қабағыма қарап, қажетті ем-дом жасаған ақ халатты абзал жандарға алғысымды жеткізгім келеді.
Оның ішінде бөлімнің меңгерушісі Сәния Мухтарқызы, емдеуші дәрігер Нигора Екубжановна, ең жас мейірбике Асем Сәрсенбайқызына ризашылығым шексіз.
Жанұяларыңыз аман болып, баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Алғысымды газет арқылы білдіргенді жөн санадым.
Қойшыбек ОШАНҰЛЫ,
зейнеткер.
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Жазушы Кемел Тоқаев өмірінің ащы шындығы
- 19 сәуір, 2025
Ерлік пен еңбекқорлықтың үлгісі болған
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді