
Түрлі мерекелер мен айтулы даталар қарсаңында орталықта жоғарыда аталған спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, өлең айту, би билеу сияқты өнерлерін ортаға салып, көңіл көтеріп жатады. Үздік шыққан жарыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Мұндай марапаттау мен қолпаштау жасы келген зейнеткерлердің көңілдерінің көтеріңкі болып, түптеп келгенде денсаулығының нығаюына үлкен әсер етуіне әкелетіні белгілі. Әрі бұл сияқты іс-шаралар келуші зейнеткерлердің бір- бірімен жақын танысып-білісуіне, өздері сияқты жасы келген замандастарымен уақытты көңілді және мазмұнды өткізуіне, соның арқасында денсаулығының жақсаруына жағдай жасайды. Өмір сүрудің мәні зейнет жасына шыққан соң тек қана үйде отырып, немерелерді бағып-қағу ғана емес, өз өмірлеріне көңіл бөліп, денсаулығын жақсарту екенін жете түсінуге әкеледі.
Сонымен қатар, мұнда дәрігерлер, психолог мамандар, медбикелер, спорттың сала жетекшілері көмек көрсетіп, бағыт- бағдар береді. Бәрі өте сыпайы, мәдениетті, өз саласының білгір мамандары. Қандай сұрақпен барсаң да түсіндіріп, үйретуден жалықпайды.
Әбдіқасым ӘЛІМХАНҰЛЫ,
қала тұрғыны, зейнеткер.
Ұқсас жаңалықтар
Әділ азаматтарды халық әрдайым мақтан етеді
- 24 сәуір, 2025
Жасаған ерлігін ешкімге тіс жарып айтпайтын
- 24 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді