
Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Жалғас Мұртаза қатысып, ауыл халқын құттықтады.
150 орындық білім ошағының күрделі жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ оқу кабинеттері, асхана мен спортзалдың қосымша құрылысын «Бином» ЖШС мерзімінен бұрын аяқтады.
Мектепте балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Физика, химия, биология кабинеттері заманауи оқу құралдарымен жабдықталған.
Жуалы ауданында барлығы 73 білім беру мекемесі бар.
Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 14 білім нысаны қолданысқа берілді. Оның ішінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 3 нысан ашылды.
10 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған 14 жаңа автобус сатып алынды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді