
«Шахристан» этно-мәдени орталығының көрме павильонында өткен кездесуге білім бәсекелерінің 124 жеңімпазы мен ғылыми жоба жетекшілері, ұстаздар қауымы қатысты.
Сондай-ақ, кездесу барысында жас өнертапқыштар аймақ басшысына қанатқақты жобаларын таныстырып, өңірдің техникалық әлеуетін арттыратын жаңашыл идеяларын ортаға салды.
Облыс әкімі Ербол Шырақбайұлы дарынды жастарға шығармашылық ізденіс жолындағы алғашқы бастамаларына толайғай табыс тілеп, арнайы Алғыс хат пен қаржылай сертификат табыстады. Сонымен қатар, оқушыларды халықаралық олимпиадаларға дайындаған 11 мұғалім Құрмет грамотасымен марапатталды.
Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылы аралығында жамбылдық жас дарын иелері гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы халықаралық байқаулардан 36 медальді иеленсе, ал ресбуликалық деңгейдегі сайыстардан жалпы саны 138 медальге қол жеткізген.
Ұқсас жаңалықтар
Жайлы мектеп ауыл мен қала мектептеріндегі алшақтықты жояды
- 6 наурыз, 2025
Білім саласына жаңа бетбұрыс
- 1 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді