
Қазақи салт-санамызға сай, тәрибиелік тағылымы мол аталмыш конкурстың негізгі мақсаты – тазалықты сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықтың бірлігін, татулығын арттырып, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету.
– Әлеуметтік мәні үлкен бастаманың аудан тазалығы үшін ғана емес, тұрғындардың санасына да әсері айтарлықтай. Ең басты мақсатымыз – өлкемізді тазалыққа шақырып жатқан жандарға, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, - дейді сайысқа қатысушы Алма Әнипаева.
Сайыс соңында арнайы құрылған комиссия конкурсқа қатысушылардың жұмыстарына баға беріп, жеңімпаздарды анықтады. Сонымен қатар, акцияға белсене қатысып, өзі тұратын аула мен көшенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, тазалық науқаны аясында облыстың барлық аудандарында «Ең таза көше», «Ең таза аула», «Ең белсенді волонтер» конкурстары өткізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жадына төрт мың кітап оқиғасын сақтаған Жылқыбай
- 23 қаңтар, 2025
Мәдени жетістіктер - руханияттың жемісі
- 9 қаңтар, 2025
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді