31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
- author «Ақ жол»
- 31 мамыр, 2024
- 1.2k
– Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр. Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз, – деп жазды Президент.
Тарихқа зер салсақ, елімізде 1997 жылдан бері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Ресми деректерге сәйкес, 1921-1954 жылдары «халық жауын анықтау» солақай саясаты кезінде Қазақстанда 100 мың адам істі болып, олардың 25 мыңы ату жазасына кесілді. Бұдан бөлек, «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» жалған ұранымен миллиондаған адам ашаршылықтың құрбаны болды.
Ұқсас жаңалықтар
Қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жалғасады
- 13 қаңтар, 2025
Димекеңнің төрт ескерткіші
- 13 қаңтар, 2025
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді