
Бүгін Сарысу ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасын тапты.
Тағылымы мол іс-шара аясында аудан орталығындағы «Ынтымақ» аллеясы мен «Балалар саябағында» тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Республикалық акцияға ауданға қарасты барлық ауылдық округ қамтылды. Эко-шараға белсенді қала жастары мен жергілікті тұрғындар біркісідей атсалысты.
Айта кетейік, жуырда ғана аталмыш акция аясында аудан орталығы - Жаңатас қаласында «Таза Қазақстан» саябағы салтанатты түрде ашылған болатын. Іс-шара барысында Жамбыл облысының 85 жылдығына орай - 85 шырша, Жаңатас қаласының 55 жылдығына орай - 55 түрлі тал көшетін отырғызылған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Жазушы Кемел Тоқаев өмірінің ащы шындығы
- 19 сәуір, 2025
Ерлік пен еңбекқорлықтың үлгісі болған
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді