
Ұлттық ойындардан аудандық турнир өтті
Меркі ауданыда 20-наурыз – Ұлттық спорт күніне орай, 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында көкпар, бәйге және аударыспақ ұлттық ойындарынан аудандық турнир өткізілді.
Аталған турнирлер Наурыз мейрамы аясында ұлттық ойындарды дәріптеумен қатар, осы жарыстар арқылы облыстық, республикалық жарыстарға қатысатын жас спортшыларды іріктеу мақсатында да ұйымдатсырылды.
Салтанатты ашылу шарасына аудан әкімі Жорабек Баубеков қатысып, қатысушы командалар мен спортшыларға сәттілік тіледі.
Рысқұлов ауылындағы атшабарда өткен көкпарға Кеңес, Қостоған, Ақтоған, Сарымолдаев, Рысқұлов Андас батыр, Жамбыл және Тәтті ауылдарының командалары қатысты.
Бақ пен бап қатар сынға түскен аламан додаларда жасөспірімдер ұлттық ойындарға деген құштарлықтарын танытып, лайықты өнер көрсете білді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Ең бастысы – еңбек адамына деген құрмет
- 24 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді