
Маман тапшылығы – маңызды мәселе
Бүгінде еліміздегі барлық салада кадр тапшылығы өткір мәселеге айналғаны жасырын емес. Бұл проблема әлі күнге дейін түбегейлі оң шешімін таппай отыр. Өкініштісі, кадр тапшылығы кез келген саладағы жүйелі жұмыстың алға басуына кері әсер ететіні сөзсіз. Қазақстандық жолшылар жыл он екі ай бойы тынымсыз жұмыс істесе де, жол сапасы көңіл көншітпей тұрғаны кімді де болса ойландыруға тиіс. Мұндағы басты себеп – кадрлық дефицит. Қысқаша айтқанда, қара жолдың сапасын тексеріп, кемшілігін анықтайтын мамандардың аздығы. Десе де, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» қызметкерлері кадрлық дефицитті жоюда хәл-қадірінше еңбектеніп жатыр.
Мәселен, жамбылдық жолшылар өңір жастарына жол саласының басым бағыттарын түсіндіріп, жұмыс барысындағы артықшылықтар мен мүмкіндіктерді кеңінен айтып жүр. Өз кезегінде бұл жасөспірімдердің осы салаға деген қызығушылығын оятуда. Нәтижесінде облыс орталығындағы бірқатар мектептердің жас түлектері болашақта осы мамандықты таңдауға шешім қабылдаған.
Айта кетейік, өңіріміздегі жол-құрылыс саласында өзіндік қолтаңбасы бар «SineMidasStroy» компаниясында қазіргі таңда жол-зертхана шеберлері, арнайы техникаларды жүргізетін операторлар жеткіліксіз.
Ұқсас жаңалықтар
Дәрігердің үш қаруы бар
- 17 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді