
Іргелі кәсіпорындар іске қосылады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Alina Group» ЖШС-ның жұмысымен танысты.
- Жергілікті билік тарапынан өңірімізде отандық өнімді шығаратын зауыттарға жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Өз кезегінде сапасы жақсы әрі бағасы арзан өнім халықтың сұранысына ие болады деген сенім мол. Болашақта кәсіпкерлеріміз құрылыс саласына аса қажетті өнімдері осы жерден алатын болады. Басты міндет – жаңа инвестициялық жобалардың жұмысын жандандырып, іргелі кәсіпорындардың толықтай іске қосылуына тиісті көмек көрсету, - деді облыс әкімі.
Айта кетейік, қазіргі таңда зауытта 170 адам жұмыс істесе, алдағы уақытта қызметкерлер санын 350-ге дейін көбейту көзделуде. Сондай-ақ, болашақта мұнда жылына 400 мың тоннадан аса құрғақ және құрылыс қоспаларын шығаратын зауытты іске қосу жоспарланып отыр.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Тұтынушылар өз құқығын қаншалықты қорғай алады?
- Бүгін, 12:57
Экономиканы әртараптандыру – ел дамуының қозғаушы күші
- 12 ақпан, 2025
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді