Мәдениет
Тұсаукесер! «Қорқыт» тарихи телехикаясы эфирге шығады
- author «Ақ жол»
- 12 желтоқсан, 2023
- 504

Тұсаукесер! «Қорқыт» тарихи телехикаясы эфирге шығады
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген төрт бөлімді «Қорқыт» биографиялық драмасы 16 желтоқсанда эфирге шығады. Телехикаяда аңыз тұлға болып танылған Қорқыттың дүниеге келуінен бастап, сәуегей, абыз ретінде қалыптасу жолына дейін көрсетіледі. Телехикая сценарийі әлемдік деңгейде зерттелген «Қорқыт ата» кітабына, атап айтқанда «Салор Қазанның үйінің шабылғаны туралы жыр» желісі негізінде түсірілген.
Түсірілім Алматы облысы мен Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында өтті. Жобаның тарихи кеңесшісі әрі сценарий авторы – этнограф Берік Жүсіп. Режиссері – Қанағат Мұстафин. Қорқыттың әр кезеңдегі рөлдерін актер Дінислам Нұрмағамбет, Әділ Ахметов және Айдос Бектемір сомдайды. Сонымен бірге негізгі тарихи рөлдерде Еркебұлан Дайыров, Зарина Кармен, Медғат Өмірәлі ойнап шықты. Сериалда қырғыздың атақты манасшысы Рысбай Исақов пен танымал актері Аскат Сулаймановтың рөлдері бар. Телехикая 16-17 желтоқсан күндері сағат 14:40-та «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының эфирінен екі бөлімнен көрсетіледі.
Qazaqstan tv
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді