Басты жаңалық
Таразда «Адал ұрпақ» клубтарының облыстық слеті өтті
- author «Ақ жол»
- 27 қараша, 2023
- 403

Таразда «Адал ұрпақ» клубтарының облыстық слеті өтті
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысын қорытындылау мақсатында Тараз қаласында облыстық слет ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысы Қ.Байгебаев, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары М.Нысанбаев қатысты.
Іс-шара барысында Тараз қаласы №8 гимназиясы, Байзақ ауданы №4 мектеп-лицейі, Жамбыл ауданынан №6 мектеп-гимназиясы, Айша-бибі орта мектебі, Жуалы ауданы А.Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебі, Меркі ауданы №5 Ақарал мектеп-гимназиясы, Талас ауданы мектеп-лицейі, Қордай ауданының «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының жалпы атқарылған жұмыстары таныстырылып, бейнеролик, фотослайд арқылы презентациялар жасады.
Слет қорытындысы бойынша үздік атанған оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Салық түсімдерін қалай көбейтуге болады?
- 20 наурыз, 2025
Қазақ қызы – ұлттық болмыстың айнасы
- 8 наурыз, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді