
Жергілікті билік инвесторларды қолдауға дайын
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «JVictor New Energy» компаниясының бас директоры Цень Цзяуэймен кездесті. Кездесуде Цень Цзяуэй кремний өндірісіне қатысты жобасымен таныстырды. Ол Шу ауданындағы арнайы экономикалық аймақта екі балқыту пешін орнатуды бастағандарын, электр энергиясы тапшылығына қатысты мәселе шешілсе, мұндай пештердің санын арттыруға ниетті екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, көмірмен жұмыс істейтін электр энергиясын өндіретін станция салу бойынша жоспарларымен де бөлісті.
Ол үшін компанияға кен орнын игеру мен тиісті аумақ қажет.
Аймақ басшысы жергілікті билік инвесторларды қолдауға дайын екендігін атап өтіп, ұсынылған жобаның маңыздылығы мен тиімділігін жан-жақты зерделеу бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.
Бұл күні аймақ басшысы «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС бас директоры Александр Ефименко, «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС бас директоры Асхат Құндызбаевпен кездесіп, гипсокартон және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша инвестициялық жобасына инфрақұрылым тартуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.
«Aq jol»-Aqparat.
Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Ұқсас жаңалықтар
Өңірде 30 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда
- 21 маусым, 2025
Химия зауыттары бізге не берді?
- 7 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді