
Кіші футболдан өзара сынға түсті
«Шынықсаң, шымыр боласың!». Әсіресе, құқық қорғау органдарында қызмет ететін жандардың бойында алысқанды атып ұратын ептілік болуы тиіс. Осы себепті, тәулік бойы тыным таппайтын тәртіп сақшыларының өмірінде спорттың алар орны ерекше. Өйткені, тынымсыз жаттығулар ширақтық пен шымырлыққа үйретіп, қырағылық пен табандылыққа баулиды. Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері сәрсенбі күннің сәтінде кіші футболдан өзара сынға түсті. Бұл күні тәртіп сақшылары теңбіл доптан қай құраманың ойыншылары шын шебер екенін анықтауға күш салды. Айта кетейік, бұқаралық спорттың бұл түрі мекеме қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін шыңдай түсетіні анық.
Ұқсас жаңалықтар
Салық түсімдерін қалай көбейтуге болады?
- 20 наурыз, 2025
Қазақ қызы – ұлттық болмыстың айнасы
- 8 наурыз, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді