
Жамбыл облысында астық жинау науқаны басталды
Биылғы жылы облыс бойынша 379,0 мың гектар жерге дәнді масақты дақылдар егілсе, оның ішінде 162,7 мың гектарға бидай, 216,3 мың гектарға арпа себілген. Бүгінгі күні облыста алғашқылардың бірі болып Жамбыл және Т.Рысқұлов аудандары егінге орақ салды.
Биыл Жамбылдық диқандар 4,5 мың гектарға бидай, 13,3 мың гектарға арпа сепсе, Құландық шаруалар 61,7 мың гектарға бидай, 53,2 мың гектарға арпа еккен болатын.
Қазіргі уақытта облыс бойынша 235 гектар алқап орылып, 305 тонна өнім жиналды.
Жалпы ағымдағы жылы астық ору науқанына 800-ден астам техника жұмылдырылатын болады.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жазушы Кемел Тоқаев өмірінің ащы шындығы
- 19 сәуір, 2025
Ерлік пен еңбекқорлықтың үлгісі болған
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді