Көлік ұрлаған тараздық құрықталды
Тараз қалалық полиция басқармасына шаһар тұрғыны хабарласып, белгісіз тұлға шағынаудандағы үй маңында орналасқан автотұрақтан ақ түсті «Тойота Альфард» автокөлігін айдап кеткені туралы шағымданған. Тәртіп сақшылары аталған дерекке сәйкес бірден іске кірісіп, жедел алдын алу шараларын жүзеге асырады. Нәтижесінде, Талас ауданының орталығы Қаратау қаласындағы көшелердің бірінен тараздық азамат құрықталды. Бүгінде 29 жастағы жігіттің бұрын сотты болғаны анықталып отыр. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 200-бабының 1-бөлігімен (автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иемденіп алу, айдап әкету) сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.
Атап өткен жөн, облыстық полиция департаменті тұрғындарға автокөліктерін үй аулаларына, автотұрақтарға қалдырған кезде күзет қызметіне мұқият болуды, қараңғы жерлерде ұзақ уақытқа қоймауды және құжаттар мен құнды заттарды көлік ішіне сақтамауды ескертеді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




