Жаһан
Түркияда қаза тапқан қазақстандықтардың мәйіті Алматыға жеткізілді
- author «Ақ жол»
- 12 ақпан, 2023
- 743

Түркияда қаза тапқан қазақстандықтардың мәйіті Алматыға жеткізілді
Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті Алматыға жеткізілді,- деп хабарлайды Aq jol газетінің тілшісі Zakon.kz. ақпараттық порталына сілтеме жасап.
"Қаза тапқан отандастарымыздың денесі Антакья қаласынан Антальяға жеткізіліп, 11 ақпанда кешке Алматыға жеткізілді. Мемлекет тасымалдау бойынша барлық шығынды өз мойнына алды", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.Ал Мирболат Құрмашевтің ағасы Алмат Құрмашев марқұмның жаназаcы Алматыда жексенбі, 12 ақпанда шығарылатынын хабарлады. Еске салайық, Түркияда жойқын жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен қазақстандық Әділ Қадырбековтің денесі 9 ақпанда, ал Мирболат Құрмашевтің денесі 10 ақпанда үйінді астынан табылды. 8 ақпанда үйінді астынан Сәбина Мамадиярова аман-есен табылған еді. Оның қолы сынған, 10 ақпанда Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтың қолына ота жасалғанын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді