
Шынын айтқан шаруа
Ертеректе алыс ауылдың бірінде адал еңбекпен күнелткен шаруа кісінің әйелі жалғыз сиырының сүтінен сарымай жасап, жақын жердегі дүкенге апарып өткізіп жүреді. Дүкенші оны басқаларға сатып, үстінен пайдасын көреді екен. Соның өзінде пайда көріп дағдыланған дүкеншінің көңілі көншімепті. «Осы мені алдап жүрген жоқ па?» деген ой көңіліне келе беріпті. Содан бір күні әлгі сарымайды өлшеп көрсе, бір кило деп сатып алғаны 900 грамм ғана болып шығады. Бұл жағдайға әбден ашуланған дүкенші жылдам шаруаны шақыртып алыпты. «Мені талай уақыттан бері алдап жүр екенсің. Бір кило деп өткізген майың 100 грамм кем шықты. Мен ешкімнің өзімді ақымақ етуіне жол бермеймін. Бұған не дейсің?», депті. Сонда есі шығып, өңі бұзылып кеткен шаруа «Кешіріңіз, мырзам, біздің үйде таразы жоқ еді. Сізден сатып алған бір кило қантымыз бар. Сонымен теңестіріп жасап жүрміз», – деп ағынан жарылып, шынын айтыпты. Сонда ашуланып тұрған дүкенші өз ісіне ұялып, ниеті адал шаруаның алдында ештеңе айта алмай қалыпты.
Бұл тәмсіл өзгелерге жасаған қылдай қиянаттың да алдымыздан шығатынын ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
Әділ азаматтарды халық әрдайым мақтан етеді
- 24 сәуір, 2025
Жасаған ерлігін ешкімге тіс жарып айтпайтын
- 24 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді