
Басты мақсат – сапалы тұқым себу
Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау инспектурасында қолданыста 5 сорт сынау учаскесі бар. Соның бірі – Тұрар Рысқұлов аудандық астық мемлекеттік сорт сынау учаскесі. Оның тұрақты жер телімі, ауыспалы егістік алқабы, сонымен бірге арнайы техникалармен жабдықталған, қойма алаңдары бар. Мұндағы жұмыстар мемлекеттік комиссия бекіткен бірыңғай әдіс- тәсілдер бойынша жүргізіледі.
Қазіргі кезеңде 2022-2023 жылдардағы күздік жұмсақ бидайдың 40 сорты, қатты бидайдың 3 сорты, тритиколе мен күздік арпаның 2 сорты себілді. Көктемде жаздық дақылдардың 9 сорты себілетін болады.
Екі жыл сынақтан кейін, сапалы, жоғары өнімді, суыққа, құрғақшылыққа төзімді сорттар анықталып, аудандастыруға ұсынылады.
Биыл күздік бидайдың «Мереке-70», «Даулет Несипхан», «Сәт- 14», «Тритиколенің» «Бару» атты сорттарының сапасы мен өнімділігі жоғары болды.
Абдімүталіп ИЛЬЯСОВ,
аудандық астық мемлекеттік сорт сынақ учаскесінің басшысы.
Т.Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ерлік пен еңбекқорлықтың үлгісі болған
- 19 сәуір, 2025
Еңбек адамын қолдау – ең басты бағыт
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді