
Тәртіпке бағыну – бәрінен маңызды
«Тәртіпсіз ел болмас, тәртіпке бағынған құл болмас!». Даңқты қолбасшы, баһадүр Бауыржан Момышұлы айтқан осынау сөздің қадірі қашан да биік, салмағы ауыр. Әр мемлекеттің өз заңы болатыны секілді, әрбір мекеменің де өзіне тән ішкі талап-тәртібі бар. Мәселен, пенитенциарлық жүйенің де былайғы жұртқа беймәлім ережесі жетерлік.
Соның бірі – түзеу мекемелерінде қызмет ететін ҚАЖ қызметкерлерінің бақылау-өткізу бекеттерінде тексерістен өтуі. Ант қабылдаған офицерлерде сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттардың болмауының қатаң түрде қадағалауға алынуы. Түптеп келгенде, мұның барлығы – түрлі заң бұзушылықтардың алдын алып, жабық мекемелердегі жағдайдың тұрақтануына өз септігін тигізеді.
Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жұмыс істейтін әрбір қызметкер ең алдымен бақылау-өткізу бекетіндегі тексерістен өтеді. Мұнда олардың үсті-басын арнайы құрылғының көмегімен тексере отырып, тыйым салынған заттардың болмағандығына көз жеткізіледі. Бұдан бөлек, әрбір қызметкер жұмыс уақыты аяқталғанша, өзіне тиесілі ұялы телефондарын, жалпы қандай да бір байланыс құралдарын сондағы нөмірленген жәшікке салып кетуге міндеттеледі. Бұл – түзеу мекемесіндегі бұлжымас тәртіп. Жазылған заң!
Айта кетейік, заң үстемдігі - заң талаптары сақталған жерде ғана салтанат құрады. Ендеше, ҚАЖ қызметкерлерінің осынау іс-әрекеті Конституцияда, заңдар мен жарлықтарда, заңға тәуелді өзге де актілер аясында құқықтық тәртіпті нығайту жұмыстарын жүргізіп, халыққа бір табан жақындап келе жатқанын дәлелдей түседі.
Бақтияр МАХАТОВ, №26 мекемесі бақылау бөлімінің бастығы, әділет капитаны
Ұқсас жаңалықтар
Жазушы Кемел Тоқаев өмірінің ащы шындығы
- 19 сәуір, 2025
Ерлік пен еңбекқорлықтың үлгісі болған
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді