
Қоғамдық көлік қатары толықты
Тараз қаласында қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатындағы жұмыстар жалғасын тауып, қала көшелеріне тағы 10 автобус қосылды.
Әрқайсысы, 56 миллион 500 мың теңге тұратын 10 дана «Golden dragon» көліктері №9 маршрутта жүргізіледі.
Су жаңа автобустардың кілтін жүргізушілерге облыс әкімі Нұржан Нұржігітов табыс етіп, сәт-сапар тіледі.
«Сity-bus» серіктестігіне қарасты автобустардың орындық саны – 37, сыйымдылығы – 150. Қоғамдық көліктердің ерекшелігі — пандустармен жабдықталған, ішінде бейнебақылау камералары, автоматты хабарлау құралы орнатылған.
Талас ауылынан бастап, Шаңырақ алқабына дейін жүретін автобустар алдағы уақытта тұрғындар игілігі үшін қызмет ете бермек.
"Aq jol"-Aqparat".
Ұқсас жаңалықтар
Ерлік пен еңбекқорлықтың үлгісі болған
- 19 сәуір, 2025
Еңбек адамын қолдау – ең басты бағыт
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді