2,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ АҒАШЫН ЗАҢСЫЗ КЕСКЕН
Байзақ ауданы аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде табиғатты қорғау полициясының инспекторлары жергілікті серіктестіктердің бірінің жасыл желектерді заңсыз кесу дерегін анықтады. Ұйым су арнасын салу мақсатында уәкілетті органның рұқсатынсыз ағаштарды кесіп тастаған Ауданның орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының қорытындысы бойынша мемлекетке келтірілген залал шамамен екі жарым миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта кесілген ағаштардың көлемі 80 текше метрге тең.
Бұл дерекке қатысты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.Осы баптың санкциясы бойынша 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, мүлкі тәркіленіп, 40 тәулікке дейін тыйым салу түріндегі жаза қолданылады.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жасөспірімдерді қылмыс тұзағынан қалай құтқарамыз?
- 11 қараша, 2025
Прокуратура есірткіге қарсы екі инновациялық құралды таныстырды
- 10 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




